28.06.2024, 12:30
Оқылды: 60

Араб координациялық тобы Қазақстанға инвестиция салады

Венада өткен форум аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасында Серіктестік туралы негіздемелік меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

C4F27C47-A8A7-4503-81C3-BBAB11D9E16E

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қор әртүрлі экономикалық салаларда тұрақты даму және жеке сектор жобаларына инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Жалпы, Араб координациялық тобының қорлары ірі инфрақұрылым және өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру үшін инвестициялар тартады.

«Ислам даму институттарының қаржыландыру шарттары халықаралық капитал нарығындағы ең бәсекеге қабілетті шарттар болып табылады. Сондықтан Араб координациялық тобымен ұзақ мерзімді инвестициялық ынтымақтастық біздің инвестициялық саясатымыздың басым бағыты болып табылады», - деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале