29.06.2024, 12:00
Оқылды: 208

Қазақстанның 10 қаласында қайталама тұрғын үй бағасы арзандаған

Соңғы 6 айда Қазақстанның 17 қаласының 10-ында қайталама тұрғын үй арзандады. Бұл туралы Krisha.kz мониторинг жүргізген. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

ЖП ДОМ (4)

Ұсыныстың орташа бағасы мына қалаларда төмендеді:

Қызылорда: -3%

Семей: -1,9%

Шымкент және Қарағанды: -1,7%

Алматы: -1,3%

Атырау: -1,2%

Қостанай, Өскемен, Павлодар, Тараз: 1% шегінде.

Сонымен қатар, қайталама тұрғын үй бағасы алты қалада, әсіресе Петропавлда (+4,7%), Ақтауда (+3,1%), Орал қаласында (+1,9%) қымбаттаған. Астанада жылжымайтын мүлік бағасы өзгеріссіз қалып отыр.

Мамырмен салыстырғанда пәтерлер 10 қалада арзандаған.

Бір жылдағы өзгерістер

Қазақстан бойынша орташа бағалар 0,2%-ға төмендеді, 11 қалада пәтерлер арзандады. Бағаның өсуі Ақтауда (+8,1%), Петропавлда (+3,6%), Алматыда (+1,9%), Астанада (+1,4%), Орал қаласында (+0,5%) тіркелді.

Маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстанда 1 шаршы метрдің орташа бағасы 370,2 мың теңгені құраған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале