Қазақстан – бай тарихи және мәдени мұрасы бар көпұлтты және көпмәдениетті мемлекет. Ұлттық құндылықтар азаматтардың бірегейлігі мен құндылық бағдарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Осыған орай бүгін "Шұғыла" жазғы демалыс лагерінде «Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында іс-шара өтті. Қазақтың «Тепеңкөк» күйімен басталған жиын, балалардың қазақ халқының бесікке салу дәстүрімен жалғасып, қазақтың ұлттық әнін шырқады.
Киіз үй тігіліп, «Домбыра дала - киесі» тақырыбында тарихи медиа ұйымдастырылды, ұлттық ойындар ойнатылды.
Шара барысында балалар атқа мініп, қазақың ас, айран, құрт, бауырсақ сынды ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен танысып, ауыз тиді. Аталмыш шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез, аудандық білім бөлімінің директоры Айгүл Касимова мен жазғы демалыс уақытында тынығып жатқан мектеп оқушылары қатысты.
Алғашқы сөзді алған Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез және аудандық білім беру бөлімінің директоры Айгүл Касимова балаларға жылы лебіздерін білдіріп, Орал қаласынан жазғы демалыс лагеріне келген қонақ балаларға қазақи нақыштағы тігілген жастықты сыйға тартты.
Назерке Шайхолла
Тасқала ауданы