3-11 шілде аралығында Қазақстан құрамасы ISPhO физикадан халықаралық ғылыми олимпиадада бәсекеге түседі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Команда құрамына еліміздің ең үздік бес оқушысы мен екі жетекші енді:
- Марғұлан Нұрсағатов — Алматы қаласы РФММ-нің түлегі;
- Әмір Пшенбаев — Астана қаласы дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» лицейінің түлегі;
- Досжан Бисимби — «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы, Алматы қаласы;
- Артур Ким — Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының түлегі;
- Илияс Қазымбек — Астана қаласы РФММ-нің түлегі.
Жетекшілері: Самат Мақсұтов – PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов – CDU магистрі.
Айта өтейік, ISPhO – теориялық және эксперименттік кезеңдерден тұратын, екінші жыл сайынғы іс-шара. Олимпиада ағылшын тілінде өтеді. Олимпиада аяқталғаннан кейін құрама Мәскеу физика-техникалық институтында оқу-жаттығу жиындарына қатысады.