Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мәлім етті.
Сурет: pixabay.com
Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» білім беру бағдарламалар тобы бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.
Бұдан бөлек «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түсетіндерге 3 903 грант бөлінген. «Серпін» жобасы арқылы төрт даярлау бағыты бойынша білім алуға болады.
Дереккөз: Ұлттық арна