ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Қазақстанның Цифрлық ғылыми порталы іске қосылғаны туралы хабарлады.
Фото: pixabay.com
Цифрлық ғылыми портал «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі негізінде әзірленді. Оны құру үшін мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердің өкілдерін қамтитын фокус-топ құрылды.
Портал пайдаланушыларға ғылыми конференцияларды, семинарлар мен форумдарды іздеуді және оларға қатысуды жеңілдететін «Іс-шаралар» модулін ұсынады. Әрбір пайдаланушы өзін қызықтыратын іс-шараны тауып, қатысуға өтінім бере алады, ал ұйымдастырушылар өз іс-шараларын жариялап, өтінімдерді қабылдай алады.
«Е-labs зертханалар базасы» модулі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жеделдететін зертханалар, жабдықтар және ғылыми ұйымдар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.