5.07.2024, 15:00
Оқылды: 190

Баскетболдан Қазақстан құрамасы FIBA іріктеу турниріне қатысады

Баскетболдан 18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына іріктеу турниріне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

F93F0D67-1411-4352-8C85-CC3B3F5DFA4D

Фото: Olympic.kz

Орталық Азия баскетбол қауымдастығының U18 жасөспірімдер арасындағы FIBA іріктеу турнирі Қырғызстанның Бішкек қаласында өтеді. 

Жарыс 8-12 шілде аралығына жоспарланған. 

Турнирге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысады. 

Іріктеудің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы ойнайды. Матч 11 шілде күні өтеді. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале