5.07.2024, 17:30
Оқылды: 176

«Халық игілігіне жұмсалған уақытыма еш өкінбеймін»: 40 жылын медицина саласына арнаған маман зейнетке шықты

Бүгін Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаев 40 жыл медицина саласында қызмет еткен «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығының басшысы Қоблан Бекеновты арнайы қабылдап, зейнеткерлікке шығуына орай құттықтауын жеткізді.
9D466188-ED0A-4780-AC0E-A589B854E40C
Өлшеусіз еңбегін тілге тиек ете, алғысхат табыстап, иығына шапан жапты.
Өз кезегінде Қоблан Рахметоллаұлы:
– Ең алғаш еңбек жолымды 1986 жылы аудандық аурухананың терпаевт дәрігері боп бастадым. Лиза Ғұбашева, Қанатқали Қаресов, Серік Сүлейменов секілді білікті дәрігерлердің көзін көріп, ізін бастық. Қазір елімізде медицина саласына айтарлықтай көңіл бөлініп жатыр. Материалдық-техникалық база жеткілікті, ауданымыз жас мамандармен толығуда. 40 жылдық еңбек тәжірибемде қолдау танытқан аудан басшылығы мен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген ұжымыма үлкен рахмет. Халық игілігіне жұмсалған уақытыма еш өкінбеймін, - деп сөзін аяқтады.
09F83172-97D5-4D05-B2F6-9CA8831A1B1C
Жиынға қатысқан бөлім, мекеме басшылары да  мүлтіксіз қызметіне ризашылықтарын білдіріп, жанына дауа, дертіне шипа таба білген сала ардагеріне  ақ тілектерін арнады.
Сондай-ақ бір кездері әріптес болған Жанболат Бексариев те сөз алып, қызмет барысындағы жылы естеліктерімен бөлісті.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале