6.07.2024, 13:00
Оқылды: 182

Бөкей ордасы ауданында үстел теннисі мен шахматтан ашық турнир өтті

Бас қаланың құрметіне орай  «Орда» спорт клубының ұйымдастыруымен   ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисі мен шахматтан ашық турнир өтті. Турнирге 18 жастан жоғары 20 жуық спортшы бақ сынады.

2

Турнирдің ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Мұхтар Жоламанов, «Орда» спорт клубының әдіскері Мейрамбек Омарғалиев  спортшыларға  сәттілік тіледі.

4

Жарыс қорытындысы бойынша теннистен Жанар Темешева І орынға лайық танылса, Әсемгүл Меңдіғалиева мен Гүлмира Каримова үздік үштікті түйіндеді.

Ерлер арасында Бекболат Қонақбаев І орын алса,  Мұхтар Жоламанов пен Талғат Насимоллин ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті.

3

Ерлер арасындағы шахматтан Кенжебек Қадырұлы топ жарса, Қайрат Ғайсин мен Исатай Оз жүлделі үштіктен көрінді.

1

Жарысқа қатысушы спортшылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале