Дәл қазір Бөкей ордасы ауданы, Темір Масин ауылдық округінде әкім сайлауы өтіп жатыр. Бөрлі ауылында орналасқан №69 сайлау учаскесінде өз жұмысын салтанатты түрде бастады.
Еліміздің гимнінің шырқалуымен басталған шара барысында учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Альфия Сәрсенова халыққа сайлау ережелерін түсіндіріп, сайлау учаскесінің жұмысымен таныстырды. Айта кетелік, екі сайлау учаскесі (№69, №70) жұмыс жасауда, 651 дауыс беруші тіркелген.
Ең алғаш боп өз таңдауын жасаған Темірхан Есмұханов есімді азамат.
Сонымен қатар, ауыл ақсақалы Тарих Аташев сөз алып, ел үшін маңызды науқанға белсенділікпен қатысып, таңдауын жасау әр адамның азаматтық парызы екенін жеткізді.
Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы