7.07.2024, 20:56
Оқылды: 368

Оралда Ұлттық Домбыра күні аталып өтті

Бүгін Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында Домбыра күніне арналған «Терме – рухтың азығы, домбыра – ұлттың қазығы» атты мерекелік кеш өтті.

IMG-20240707-WA0077

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің тікелей қолдауымен, облыстық дін істері басқармасының мұрындық болуымен өткен іс-шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз, Алматы шаһарынан Қазақ ұлттық университетінің профессоры Алмас Алматов, Астана қаласынан айтыскер ақын Дидар Қамиев, Ақтөбеден «Ер-Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин және Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Айтуған Нұралы қатысты.

IMG-20240707-WA0071

IMG-20240707-WA0063

Мерекелер жиын барысында жиылған жамиғаттың алдында діни термелер орындалып, домбыраның күмбірі үдей түсті.

IMG-20240707-WA0075

Шарада кеш қонақтарынан бөлек, «Атамекен» өнер ордасының жанынан құрылған фольклорлық ансамблі мен республикада алғашқылардың бірі болып бірыңғай термешілерден құрылған үлгілі «Қыз Жібек» ансамблі өнер көрсетті.

IMG-20240707-WA0068

Бұған қоса М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Абат Қыдыршаев «Азаттықты аңсаған Ғұмар Қараш» атты Ғұмар Қараштың өлеңдерін мәнерлеп оқудан өткен облыстық байқаудың жеңімпаз-жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттады.

IMG-20240707-WA0067

IMG-20240707-WA0069

IMG-20240707-WA0059

Аружан Аманжол

«Орал өңірі»

Сурет авторы: Мәди Салық

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале