Кеше Бөкей ордасы ауданының Темір Масин сайлау округі бойынша Темір Масин ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бекбол Жұмабекұлының айтуынша, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10- бабына сәйкес, Бөкей ордасы ауданы Темір Масин ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысы белгілі болды.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 651 азамат енгізілді, оның – 397 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 8, «Барлығына қарсы» - 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар санын таратып айтсақ, Ләззат Анесова - 33 (8,6%), Мирас Карагойшин - 58 (15,1%), Қуандық Рашкалиев К.Е. - 293 (76,3%) дауыс жинаған.
Темір Масин ауылдық округінің әкімі болып сайланған Қуандық Рашкалиев 1971 жылы туған, «Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығы» МКҚК директоры. Өзін-өзі ұсынған.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы