9.07.2024, 10:32
Оқылды: 150

Күзде Димаштың жеке концерті өтеді

Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

D6AA027B-5131-4925-BCAB-E7570E9B1F6D

Фото әншінің жеке парақшасынан алынды

«Құрметті достар! Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек.

Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін төрт мыңнан астам спортшылар келеді деп күтіліп отыр.

Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді.

Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі. Менің ресми аккаунттарыма назар аудара жүріңіздер», - деді Димаш Құдайберген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале