9.07.2024, 11:15
Оқылды: 105

Ұлттық бірыңғай тестілеу: талапкерлердің 77%-ы тестілеуді қазақ тілінде тапсырған

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 315 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 77%-ы қазақ тілінде, 23%-ы орыс тілінде, 200-ден астам адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

МНВО РК, new design 2024 - 1

Фото: министрлік

«ҰБТ басталғалы шекті балды 78% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 70 балды құрады.

Ең жоғары балл – 140. Оны ҰБТ-ны өткізудің алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі Жаннұр Еңсебек жинады. 139 балды 2 тестіленуші: Шығыс Қазақстан облысының түлегі Аяужан Мұратова мен Қызылорда облысының түлегі Нұрболат Жұбатқан жинады.

Атап өтсек, аталған үш талапкер – ауыл мектептерінің түлегі. 6 бала 138 балл, 20 бала 137 балл жинаған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға жеті аптаның ішінде 639 талапкер қатысты», делінген министрліктің хабарламасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале