9.07.2024, 12:45
Оқылды: 156

БҚО әкімі: «Облыста 576 шақырымнан астам жолды 116 млрд теңгеге жөндеу жоспарланған»

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтен жолдардағы ахуалды өзгерту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сұрады.

332C486C-5795-47FF-B7B7-6BBA73F185DA

Фото: ҚР Үкіметі

Мәселен, өңір ел бойынша ең нашар көрсеткішке ие: нормативтік жағдайдағы республикалық автожолдардың үлесі 73%-ды, жергілікті маңызы бар жолдар – 52%-ды құрайды. БҚО әкімі баяндағандай, осы жылдың қорытындысына сәйкес жергілікті жолдар үлесін 58%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. 

«Облыста барлық мәндегі 576 шақырымнан астам жолды 116 млрд теңгеге жөндеу жоспарланған. Республикалық желілер бойынша жалпы ұзындығы 83,4 км және құны 68,8 млрд теңге болатын 10 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, биыл «Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы», «Өнеге – Бисен – Сайхын» автожолдарын күрделі жөндеуден өткізіп, пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автомобиль жолының екі учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде», - деді Нариман Төреғалиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале