9.07.2024, 17:16
Оқылды: 80

Ақылы жолдың дәретханасын тазалаушылар қанша айлық алып жүр

Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардың бойындағы дәретхананың күтіп ұстаушылардың айлығын атады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

5FA9ACFB-4A27-4248-8524-AF9AF4F7EE36

Фото: Үкімет

«Біз ол қаражатты жолды күтіп ұстауға жұмсадық. Одан соң қосымша техника алуға жұмсалды. Жолды күтіп ұстаудың ішінде дәретханаларды күтіп ұстауға жаратқан жоқпыз. Жаңа да айттым. Жалпы республикалық жолдарды күтіп ұстауға 80 млрд теңге қажет. Біздің былтыр тапқан ақшамыз — 30 млрд теңге. Тағы 50 млрд теңге жетпей отыр. Ол — тек жолдың өзін күтіп ұстау шығындары ғана», — деді министр Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, біздегі суық дәретханалар соңғы жылдары салынды. 30-40 жыл бұрын салынғандары да бар. Бұрынғысы ескі жолдардың бойында болды.

Жалпы елде ескі тәсілмен салынған 761 салқын дәретхана бар.

«Енді олардың баршасын жаңалау кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Осы күнге дейін ескілердің орнына 108 жаңа, жылы дәретхана қойылды. Биыл тағы 48 дәретхана орнатылады», — деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ, ол аталған дәретханаларды күтіп ұстаушыларға қанша айлық төленетінін айтты.

«Бір дәретхананы күтіп ұстауға сол жақтағы кісілерге 300 мың теңге төлеп отырмыз. Ол да жетпейді. Өйткені 24 сағат бойы екі адам кезекпен істейді. Бір адам басына 150 мың теңге деген сөз. Сол жақтағы жақындау ауылдардан адам тауып, соларға төлеп отырмыз», — деді министр.

Марат Қарабаев бұл адамдар «ҚазАвтоЖол»» қызметкерлері емес екенін, келісімшарт бойынша ғана жұмыс істейтінін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале