9.07.2024, 17:00
Оқылды: 103

Отандық зауыттан шыққан 16 мың тонна асфальт-бетон талапқа сай келмеген

Жыл сайын жол құрылысы басталарда елдегі асфальт-бетон зауыттары тексеруден өтеді. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК басшысы Болатбек Айтбаев мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

жп жол (5)

Сурет сайт архивінен/zhaikpress.kz

Орталық жұмыстар мен материалдар сапасына экспертиза жүргізеді, автокөлік жолдарына диагностика жасайды және орташа ремонтқа ведомстволық талдау жүргізеді.

Еліміздің әрбір өңірінде орталықтың халықаралық стандарттар бойынша аккредиттелген зертханалары бар 20 филиалы жұмыс істейді.

«Биылғы жылдың негізгі жаңалығы – құрылыс маусымы қарсаңында елдегі асфальт-бетон зауыттарына ауқымды тексеру жүргізу болды. Ревизия 382 зауытты қамтыды, оның ішінде 109 зауыт талаптарға толық сәйкес келді. Қалған 273 зауытқа ұсынымдарға сай болу туралы нұсқаулық берілді, әзірге оның 127-сі нұсқаулықты орындап, шығаратын өнім сапасын көтеру шараларын жүрді», - деді Б. Айтбаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, мұндай тексерулер жыл сайын құрылыс маусымы басталарда жүргізіліп отырады және барлық өңірге хабар берілді.

Тексеру нәтижесінде 16 мың тонна асфальт-бетон, 27 мың тонна интертті материал және 3 мың тонна битум пайдалануға жіберілмеді. Әсіресе талаптарға сай келмеу Жамбыл, Түркістан, Абай облыстарында байқалған.

Мердігер ұйымдар 99 мың шаршы метр асфальт-бетон жабынын, 28 мың шаршы метр жол табанын қайта төсеген, 18 мың текше метр қиыршық тасты ауыстырған.

Сонымен бірге, жолдар мен құрылыс материалдары сапасының талдауына, нәтижесіне адами фактор ықпалын азайту үшін орталық Kazroadlab автоматтандырылған бақылау жүйесін орнатты. Қазіргі уақытта жүйе 4 облыста іске қосылған және 2025 жылы барлық өңірге енгізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале