7 шілдеде Ыстықкөл облысының Тоң ауданында бір отар қойға найзағай түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Фото: Кабар
Кабар ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жай отынан 250 бас қой қырылған.
Төтенше жағдай орнында Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері деректерді нақтылап жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін БҚО-да Шалқар көлінің жағасында әйел адамға найзағай түскенінжазған болатынбыз.