9.07.2024, 23:00
Оқылды: 231

Жаңақалада ветеринария саласының қызметкерлері марапатталды 

Ауыл шаруашылығындағы маңызды саланың бірі – мал шаруашылығы. Қазақтың саулық сұрасқанында ең бірінші «Мал-жан аман ба?» деуі де тегін емес. Себебі, мал – халықтың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі. Сонымен бірге, мал шаруашылығы экономиканы алға сүйрейтін салалардың бірі. Қазіргі таңдағы бүкіл жер шарының денсаулығы осы саланың біліктілігіне байланысты болып тұр. Иә, айтқандай-ақ, бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ветеринариялық қызметкерлер күніне орай аталмыш еңбек иелері  Жаңақала ауданы әкімі Алпамыс Жаңабайұлының қабылдауында болды.

69bf21f8-7e11-4179-984a-2a7c7c9f1674

Баршамызға мәлім, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелердің тізімін кеңейтіп, оған сегіз тармақ қосқан болатын. Иә, ветеринария саласының ерең еңбегіне құрмет көрсету мақсатында еліміздегі кәсіби мерекелер тізіміне тағы бір атаулы күн қосылып, қызметкерлердің қуанышында шек болмағаны рас.

5a6e449c-d18c-4524-bba5-87a2b0860481

Аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, қарымды қызмет атқарып, өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосып жүрген жандар үшін өз алғысын білдірді. Сондай-ақ, сала зейнеткерлері мен жұмысшыларына алғысхат табыс етті. Әрі қарай, әріптестер құттықтау лебіздерін жолдап, өз тараптарынан алдағы жылы үлкен шара ретінде ұйымдастыруды өтініш етті.

7f37ab5f-e50e-4207-8155-57167c072e3f

Шара естелік суреттерге түсумен қорытындыланды.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале