10.07.2024, 9:45
Оқылды: 256

«Қазсушар»: тасқыннан кейін

Көктемгі су тасқыны кезінде дүйім ел өңірге келіп жатқан судың күн сайын қанша сантиметрге дейін өскенін, топан судың көп мөлшері облыс орталығына қай уақытта келетініне дейінгі ақпаратты «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлерінен біліп отырды. Тасқынның беті қайтып, қауіп бұлты сейілген бетте көбіміз жоғарыда аталған мекеменің бар екенін де ұмытып кеткендейміз. Елге келген суды сақтап, көлтабандар мен көлдерге, суармалы жерлерге су жіберіп, шабындықты да қажетті ылғалмен қамтып отырған – «Қазсушар» мекемесі. Бүгін – су шаруашылығы қызметкерлері  күні. Осынау атаулы мерекеде көпшілікке «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалының  жұмысы  туралы айтқымыз келедіМекеме бүгінде  немен айналысып жатыр, онда қанша қызметкер  бар, көктемде келген мол суды «дипломы бар Сүлеймендер» қалайша пайдаға асырып отыр? Осы және басқа да толғандырған сауалдарды су шаруашылығымен айналысатын мекеменің бас гидротехнигі Шынболат Ермағамбетовке жолдадық.

42A74EF3-1D2F-49B6-889E-E22FD0E688ED

Оның айтуыншамекеменің 91 жылдық тарихы бар. Алғашқыда «Облыстық су шаруашылығы» бөлімі болып аталған. Ал 1933 жылы атауы өзгерген. Бүгінде мұнда 400-ден аса қызметкер жұмыс істейді. «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалының суармалы-суландыружүйесінің құрамына 14 су қоймасы, 4 су торабы, 1 сорғыстансасы, 50 үлкен гидротехникалық имарат, 1 057,66 шақырым магистральды, таратушы және суландыруканалдары  кіреді  екен.

Мекеменің басты атқаратын шаруасыөңірдегі суармалы-суландыру жүйелерін құжаттандыру. Күні бүгінге дейіноблыстағы мелиоративтік су алуға арнайы су пайдаланурұқсаты рәсімделген, төлқұжаттар мен пайдалану ережелері жасақталып, бекітілген. 2023 жылы филиалдыңбарлық су шаруашылығы нысандарының күзгі-қысқымерзімге дайындығына визуалды тексеріс жүргізіліп, актілері дайындалған. Шынболат Бекұлы өз сөзінде көктемгісу тасқынын апатсыз өткізу үшін су шаруашылығынысандарын дайындау процесі «Қазсушар» РМК БатысҚазақстан филиалының инженер-техник қызметкелерініңбақылауында болғанын және филиал аппаратында 2024 жылдың 1 наурызынан бастап тәулік бойы кезекшілікұйымдастырылғанын ерекше атап өтті. Десе де, биылғыкөктемгі тасқынның  арыны  қатты  болыпты.

Жалпы көлемі 260 млн текше метр болатын Жайық-Көшім суармалы-суландыру жүйесінің 4 су қоймасы тасқын кезінде толтырылды жәнетұтынушыларға су беруді де тоқтатпады. Жайық-Каспий бассейндік инспекция арнайы су пайдалануға бергенрұқсатқа сәйкес жылдағы су алу мөлшері 607 млн текшеметрді құрайды. Бүгінгі таңда бұл мөлшер 652,396 млн текше метрді құрап отыр. Соның тасқын кезінде алынған су  көлемі – 553 млн текше метр. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш513,2 млн текше метрді болады, – деді ШынболатЕрмағамбетов.

Одан бөлек мекеме Қараөзен мен Сарыөзенге су жинауменайналысады. Аталған екі өзеннің арнасынан тасуы 26 наурызда басталып, 19 сәуірде аяқталды. Бүгінде қос өзенге 430,2 млн текшеметрден астам тасқын суы жиналған. Салыстырмалы түрдеайтатын болсақ, былтыр Сарыөзеннен 18,66 млн, Қараөзеннен 163,3 млн текше метр тасқын суы алынған. Су шаруашылығы мекемесі қос өзеннен алынған суды көлтабандар мен табиғи шабындықтарға, сондай-ақ су қоймалары мен көлдерді толтыруға бағыттады. Шаған өзеніде 26 наурызда таси бастады. 22 сәуірде Шаған өзенініңдеңгейі 31,08 метрге дейін көтеріліп, қоймадағы судыңкөлемі 32,42 млн текше метрді құрады. Өңір сушыларыжиналған ылғалды көлтабандар мен шабындықтарға жіберді.

Бүгінгі таңда облыста вегетациялық кезең басталды. Яғниауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су берілуде. Маусымның 19-ы күні «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстанфилиалы су тұтынушылармен 120 келісімшарт  жасады.

Қазіргі таңда Ақжайық ауданындағы Тоған ауылының маңында Киров су қоймасын реконструкциялау жұмыстарыжүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру мерзімі 2022-2024 жылдар. Құрылыс монтаж жұмыстарының құны – 2,457 млрд теңге, қазіргі таңда көрсетілген соманың 1,328 млрд  теңгесі игерілді. Өкінішке орай, су тасқыны кесірінен су қоймалары 92%-ға толып қалған. Сол себепті нысандыреконструкциялау жұмыстары кешігіп басталды, – дедіШынболат Бекұлы.

Мекеменің облыстық филиалы өңірдегі суландыружүйелерін қалпына келтірудің кешенді жоспарына өзтеңгеріміндегі қайта жаңғыртуды, күрделі жөндеуді қажетететін нысандарын енгізген. Сондай-ақ  2 жаңа су қоймасының құрылысы да жоспарда  тұр.

Жасыратыны жоқ, кейінгі  жылдары деңгейі тобықтанаспаған Жайықтың жағдайы елді қатты алаңдатқаны рас. Батыстың су артериясы енді қалпына келмейді дегенқорқыныш та болды. Жайықтың тартылуы біздің облыс пен Атыраудағы ағайынға ауыр тиді. Әсіресе, ауылшаруашылығына оңай болмады. Тіпті бүкіл Жайық-Каспий бассейніне зиян келуі мүмкін деген қауіп болды. Бірақ су шаруашылығы мамандары қарт Жайыққа мол су келедідеген үмітін үзген жоқ. Қанша қиын болса да, қанша адамүйсіз қалса да, биылғы тасқын  Жайық өзенінің суынмолайтып, құрғап кету қаупінің алдын алғандай болды. 22 сәуір күні Жайық деңгейі 865 см құрады. Қауіпті деңгейден50 см асты. Жайық өзенінен Жайық-Көшім жүйесінесекундына 150 текше метр шығынмен су түсті. Бұл отызжылдан кейін қайталанған жағдай екенін су мамандары да, көпті көрген қариялар  да  айтты.

Биылғы су тасқыны кезінде мекеме қызметкерлерітасқынға тосқын болу жолында күні-түні, демалыссыз еңбек етті. Топан суды апатсыз өткізуде филиалдың учаскебасшылары мен қызметкерлерінің еңбегі зор. Атап айтатынболсақ, Көшім пайдалану учаскесінің басшысы Аман Әбішев, Киров пайдалану учаскесінің инженер-гидротехнигіТұрымбек Байсенов, Дөңгелек пайдалану учаскесініңинженер-гидротехнигі Қадыр Бақманов, Сарыөзенпайдалану учаскесінің басшысы Еркебұлан Ермұқанов, Жаңақала пайдалану учаскесінің басшысы Ербол Төлеуғалиев, басқару аппаратының қызметкерлері тасқынсуын өткізуге өз үлестерін қосты. Олар тәулік бойыкезекшілік атқарып, Ресей мамандарымен ақпарат алмасуынбір тоқтатқан жоқ. Суды реттеу жұмыстарын үлкенжауапкершілікпен атқарды. Қазіргі таңда филиалдың су шаруашылығы жағдайы тұрақты, су шаруашылығынысандары штатты режімде жұмыс істеуде, – деді Шынболат Ермағамбетов.

Шынболат Бекұлы ел арасында көп айтылып жүрген елімізсолтүстіктегі елден қар суын сатып алып отыр дегенақпараттың шындыққа жанаспайтынын  да  атап  өтті.

Облыстың Казталов және Жаңақала аудандарынсабалық* мерзімде сумен жабдықтаудың жалғыз көзіЕділ суы. Осы кезеңде Қараөзен мен Сарыөзенді толтыру РесейФедерациясы тарапынан Саратов каналы берілетін Еділөзенінің суы келісімшарт негізінде елге түседі. Бұл кездегішығын Саратов каналы арқылы Қараөзен жәнеСарыөзендерге су беру 5 сорғы стансасы каскадыныңжұмысына жұмсалған электр энергиясына ғана жұмсалады. Аталған аудандардың аумағында (Казталов және Жаңақала – мал шаруашылығына арналған негізгі аудандар, ондамиллионға жуық мал бар) 80 мыңнан астам тұрғын бар. Олар  үшін су алудың басқа балама көздері жоқ. Көктемдетүскен тасқын судың көлемі мемлекетаралық келісімгесәйкес 50-50 принципімен бөлісеміз. Көктемгі түскентасқын суына ақша төленбейді. Сабалық кезеңде су механикалық түрде беріледі, егер бұл канал мен сорғыстансасы болмаса, өзен құрғап, оңтүстік аудандар сусызқалар еді, – деді  Шынболат  Бекұлы.

Қысқаша айтатын болсақ, өңірдегі су шаруашылығыныңжағдайы осындай. Қолдарынан келгенше жиналған суды ел игілігіне жұмсауда. Тасқын кезінде де сушылардың қалайеңбек еткенін көзімізбен көрдік. Бірер жыл бұрын арнайы Су министрлігі құрылды. Бас гидротехник те, мекемедегі басқада мамандар енді техникамыз жаңарып,  жұмыс  істеуоңайлана  түседі  деген  сенімде.

*Сабалық  мерзім  –  тасқын    су  өтіп,  өзен  сабасына  түскен  уақыт  (жаз  және  күз  айлары)

Түгелбай Кенжеғалиұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале