Су – тіршілік көзі десек, су шаруашылығы – жер үсті және жер асты суларын экономиканың түрлі салаларында пайдалану шараларын белгілеп, оларды іске асыратын, сондай-ақ суды қорғау және оның зиянды әсерімен күресумен айналысатын халық шаруашылығының саласы. Тіршілік атаулыны сусыз елестету қандай қиын болса, ол саланы білікті мамансыз бөле қарау тағы болмас. Осы орайда 2019 жылдан бастап күнтізбеге енген, адамзат пен табиғат тіршілігіне нәр беретін сала қызметкерлерінің мерекесіне орай мекеме басшысы Ерсайын Мұхамбетжанов салтанатты жиын өткізді.
Оған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев, ауыл ардагерлері Нұрболат Қанатов пен Ермек Меңдіхан қатысты. Алдымен Ерлан Еркінұлы мереке иелеріне құттықтауын жолдап, марапаттау рәсіміне кезек берді. Су шаруашылығындағы жөндеу, пайдалану, қызмет көрсету жұмыстарына қосқан зор үлестері үшін облыс басшысы Нариман Төреғалиев пен аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың алғысхатына ие болған сала мамандары өз кезектерінде ризашылықтарын білдірді.
Сондай-ақ мекеме басшысы Ерсайын Фазылұлы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Бұл қызметте ұзақ жыл терін төккен Нұрболат Қанатов пен аудандық арадгерлер кеңесінің мүшесі Ермек Меңдіханның лебізімен шара өз мәресіне жетті.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы