Енді қазақстандық студенттер жасанды интеллект бағыты бойынша Сеул ұлттық ғылым және технология университетінде білім алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сурет: pixabay.com
Жасанды интеллект жаһанды жаулаған тұста Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті СеулТехпен бірлесіп LUPIC жобасы аясында жасанды интелект институын құрды.
Бүгінде Информатика, Ақпараттық жүйелер, Кибер қауіпсіздік, Компьютерлік бағдарламалау білім беру бағдарламаларына қабылдау жүріп жатыр.
Бұл мақсатқа 100 грант бөлінген.