10.07.2024, 11:15
Оқылды: 293

Су тасқыны кезінде көмек көрсеткен бөрліліктер марапатталды

Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов көктемгі су тасқыны кезінде көмек көрсеткен бірқатар мемлекеттік мекеме қызметкерлерін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, облыс әкімінің атынан келген «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен, Құрмет грамотасымен, алғысхаттармен марапаттады.

0503FBE1-442E-46F0-97A7-079B8752A6BB

Солардың бірі – Ақсу ауылдық округінің әкімі Ғарифолла Өтепбергенов. Ғарифолла Төлепұлы табиғи апатқа дер кезінде төтеп беріп, өзі басқарып отырған Ақсу ауылы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы жарлығына сәйкес «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, су тасқыны кезіндегі ұйымдастыру жұмыстарындағы ерекше еңбегі үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрінің Құрмет грамотасына аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Диана Мұқанова ие болды.

9D479BA6-77A1-4C3F-977A-FC4CDD073F71

Ал ҚР Төтенше жағдайлар министрінің алғысхатымен Бөрлі ауылдық округі әкімінің орынбасары Абай Сәми марапатталды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің грамотасымен аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Толқын Хадышова мадақталды. Аудандағы төтенше жағдай кезінде билік пен халықтың арасында объективті ақпарат жеткізгені үшін және БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғысхатымен «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетінің тілшісі Мария Пирог  марапатталды.

Шара соңында аудан әкімі барлық марапат иелерін құттықтап, төтенше жағдай кезіндегі жұмыстарына алғыс білдірді және алдағы  жұмыстарына сәттілік тіледі.

Дариха Нұрашова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале