10.07.2024, 14:30
Оқылды: 267

БҚО-да коммуналдық сала қызметкерлеріне жаңа техника берілді

Бүгін Оралда коммуналдық сала қызметкерлеріне жаңа техника берілді.

коммуналка техника жп (3)

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы - ең күрделі және жауапты салалардың бірі. Облысымыздағы коммуналдық саладағы апаттарға жедел ден қою және оларды қайта қалпына келтіру мақсатында жаңа техниканың кілті табысталды.

коммуналка техника жп (8)

Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев те қатысты.

IMG_4454 техника

– Мемлекет Басшысының электр желілерін жаңғырту бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында «Батыс Қазақстан аймақтық электр жүйелер компаниясы» үшін 58 техника сатып алынды. Оның ішінде бүгін 20 техника облысымыздың аудандарына жіберіледі. Бүгінде коммуналдық қызмет саласын дамыту үшін мемлекет коммуналдық шаруашылықтар мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға барынша көңіл бөлініп жатыр. Бірінші кезекте арнайы техниканың құрамы жаңартылды. Осы бағытқа жергілікті бюджеттен 1,9 млрд. теңге қаржы бөлінді, - деген Нариман Төреғалиұлы техника кілтін табыстады.

коммуналка техника жп (7)

Марзия Зеин

Фото авторы: Мади Салық

zhaikpress.kz

коммуналка техника жп (1) коммуналка техника жп (2) коммуналка техника жп (4) коммуналка техника жп (5) коммуналка техника жп (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале