11.07.2024, 11:45
Оқылды: 79

Магистратураға түсушілер көбінде қай мамандықтарды таңдайды?

Ұлттық тестілеу орталығы болашақ магистранттар таңдаған мамандық жайында мәлімет ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Group of employees are following a presentation in the conference room

Фото: istockphoto.com

Бүгінде кешенді тестілеуге қатысуға келіп түскен өтініш саны — 41 815.

Ең көп таңдалған білім салалары:

  • Педагогикалық ғылымдар;
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
  • Бизнес, басқару және құқық.

Естеріңізге сала кетейік, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш беру 8 шілдеде аяқталған болатын.

Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

13 шілде күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале