10.07.2024, 16:30
Оқылды: 63

Жаңа пәтердің құны қай қалаларда қатты қымбаттады

Бір жылда жаңа тұрғын үйді сату бағасы — 2,2%, қолданыстағы пәтерлерді қайта сату — 1% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 5,2% жоғарылады. Ұлттық статбюро баспана бағасының бір жылда қалай өзгергеніне шолу жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

ЖП дом үй

Сурет сайт архивінен

Өңірлер бөлінісінде жылдық мәнде жаңа үйлер бағасы Ақтөбе — 9,5%, Талдықорған — 7,2%, Қызылорда — 7,1% қалаларында қымбаттаған.

Қолданыстағы үйлер нарығында баға өсімінің көшін Атырау (14,1%), Астана (6%) қалалары бастаса, тұрғын үйді жалға алу нарығында — Талдықорған (28,1%), Қарағанды (24,6%), Жезқазған (22,6%) мен Петропавл қалалары алда (22,5%).

Бір айдың ішінде (2024 жылғы маусым 2024 жылғы мамырға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату — 0,6%, жаңа тұрғын үйді сату 0,4% өсті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі маусымда өткен аймен салыстырғанда 0,3% жоғарылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале