10.07.2024, 20:00
Оқылды: 67

Он жылда елімізде 7,5 млн кітап мемтапсырыспен шығарылған

Мәдениет және ақпарат министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта кейінгі 10 жылда мемлекеттік тапсырыспен неше кітап жарық көргенін мәлім етті.

IMG-20240710-WA0072Сурет: Pexels

«Баспа ісінде „Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату“ республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында жыл сайын қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қызметі жүзеге асады. Аталған бағдарлама екі бағытта жұмыс істейді, бірінші — қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару және тарату. Бұл бағытта 2013-2023 жылдары 9 әдебиет түрі бойынша 2501 кітап жалпы таралымы 7 млн 471 мың 200 данамен басылып шығып, республикалық, облыстық, аудандық мемлекеттік кітапханаларға таратылды», — деп жазылған ресми жауапта.

Мемлекеттік тапсырыспен жарық көретін еңбектер 9 әдебиет түрі бойынша іріктеледі:

  • энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет;
  • балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиет;
  • мәдениет және өнер туралы әдебиет, оның ішінде ноталық әдебиет (ноталық шығармаларда ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50% құрайды);
  • көркем әдебиет;
  • танымдық әдебиет;
  • қоғамдық-саяси әдебиет;
  • ғылыми-көпшілік әдебиет;
  • аударма әдебиет;
  • мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет.

«2023 жылы қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару бағытымен 134 аталым әдебиет жалпы таралымы 346 мың данамен жарық көріп, кітапханаларға таратылды», - делінген министрлік мәліметінде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале