12.07.2024, 11:15
Оқылды: 109

Қазақстанда республикалық орфографиялық комиссия құрылады

Тіл саясаты комитеті «ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

67D69E03-EC1C-4D51-96AB-CBA5480CAA72

Фото: pixabay.com

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже «республикалық орфографиялық комиссия құру және оның қызметін қамтамасыз ету» тармақшасымен толықтырылады. Комитет ғылыми негізделген нұсқада қазақ тілінің орфографиясын әзірлеу және бекіту үшін арнайы орфографиялық комиссия құру қажет екенін алға тартып отыр. Себебі, қазіргі кезеңде қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу аса маңызды мәселе болып табылады.

– Бұл міндет ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы қаулысымен бекітілген ҚР-да тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 3-бөлімінде көзделген, - делінген негіздемеде.

Құжатқа сәйкес, жаңа комиссияның жұмысына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен ғалымдар тартылады.

Құжат 23 шілдеге дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале