11.07.2024, 12:30
Оқылды: 143

«Сырым» коммуналдық мекемесі жаңа техникалармен толықты

Сырым ауданының коммуналдық шаруашылығы жаңа техникалармен толықты.

C9DCA557-CE8A-4AA5-9331-636B4400A7A0

Атап айтсақ, «Сырым» коммуналдық мекемесіне су жаңа JCB 320 эксковаторы мен МТЗ-12223 тракторы берілді. Осылайша, су шаруашылығы ауданның ішіндегі жолдарды күтіп ұстау секілді функционалдық міндеттерінен бөлек, ауыл тазалығы, өрт пен судан келетін апаттар кезінде саптан табылатын ұжымның «қолы ұзарып» жатыр.

Мекеме директоры Тұрарбек Нұрғалиевтің айтуынша, «Сырым» МКҚК паркінде 11 техника бар. Кейінгі келген қос «алып» жабдықталуымен де, қуатымен де озық. Әсіресе, JCB-дің жұмысына оң пікір көп.

Осы секілді Сырым ауданының электр торабы мекемесі «Соболь» көлігін қабылдады. Есептік жиындарда электр желілерін жаңарту, монтерлардың материалдық мәселелерін шешу мәселесі айтылып жүр.

8085302D-EEDB-47AE-85A0-A31CECDC636C

Енді міне, Сырым ауданының электр мамандары ақау шыққан орынға төрт дөңгелегі де жетекші, бауыры биік көлікпен жетіп баратын болды.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облыс бойынша коммуналдық мекеме қызметкерлеріне 58 арнайы техниканың кілтін табыстады.

Бұл игі шаруа Мемлекет басшысының электр желілерін жаңғырту, коммуналдық саланың техникалық базасын нығайту бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында жүзеге асып отыр.

Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,9 млрд. теңге қаржы бөлінген.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале