Бүгін аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тасқала ауданындағы ең биік нүкте Ешкітау аумағында сенбілік жұмыстары өтті.
Шараның мақсаты жастардың бойындағы патриоттық сезімді оятып, оларды еңбексүйгіштікке баулу, ауданның "жеті кереметінің" бірі саналатын Ешкітаудың маңын тазалау болатын. Аталмыш сенбілікке ішкі саясат басшысы Думан Ғазез, жастар ресуртық орталығының басышысы Жиенбай Наурызбайұлы мен «Жасыл ел» жасағы қатысып, тазалау жұмыстарын жүргізді.
«Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде бүгінгі күнге дейін өз мақсатынан тайған емес. Қаншама студенттер бос уақытын тиiмдi өткiзе отырып еліне қызмет жасауда. Бiр жағынан елiмiздi гүлдендiруге, көгалдандыруға ат салысса, екiншiден, әрбiр жас өзiнiң бос уақытын игі іске жаратып жатқаны қуантарлық жайт болып отыр.
- Бүгін Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасының «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір Бұлақ» акциясы аясында Тасқала ауданының «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының жастарымен бірлесе отырып, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы тазалық сақтау жұмыстарын жүргізді. Тазалық пен ұқыптылық өзіміз үшін жақсы. Елге қонаққа келген адамдарға ұялмай көрсете алатын жер болуы тиіс. Жалпы шараға 30 адам ат салысты, - дейді Жастар Ресуртық орталығының басшысы Жиенбай Наурызбайұлы.
Гүлмира Серікқалиқызы,
Тасқала ауданы