12.07.2024, 23:33
Оқылды: 248

Жол құрылысы басты назарда

Бірнеше жылға созылған жол мәселесі облыс басшылығының басты назарында. Бұл жолы жол құрылысының қарқынын облыс әкімінің орынбасары арнайы кеп, қадағалады.

IMG-20240712-WA0117 (1)

Бөкей ордасы ауданы басшысы Нұрлыбек Даумов, аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуов облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов бастаған делегеттармен кездесті.

Кездесу облыс әкімі орынбасарының аудандағы жол құрылыстарының қарқынымен танысудан басталды. Атап айтар болсақ, Тілепберген Қаюпов Жаңақала-Бисен тас жол құрылысына жауапты «Дорстрой 2» және Бисен- Сайқын тас жол құрылысының бір бөлігіне жауапты «Атырау жолдары» ЖШС уәкілдерімен кездесті.

IMG-20240712-WA0108

Өз кезегінде құрылысқа жауапты мердігерлер өз жағдайларымен бөлісті. Мысалыға, «Дорстрой 2» мекемесінің уәкілі қаржыландыру мәселесін көтерсе, «Атырау жолдары» ЖШС уәкілі тасымалдау мәселесі бар екенін айтты. Дегенмен, екі мекеме қызметкерлері де атқарылып жатырған жұмыстар белгіленген уақытта бітетіндігін жеткізді.

Ал өз тарапынан Тілепберген Қаюпов аталмыш мәселелерді шешуге атсалысатындығын айтты.

Жол құрылысымен қатар Тілепберген Қаюпов Бисен ауылында салынып жатырған екі екіпәтерлік үй құрылысымен танысты.

ЕркебұланБисенғалиев, 

Бөкей ордасы ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале