13.07.2024, 17:52
Оқылды: 194

Қанат Шарлапаев: "Сапалы болу үшін салғырт қарамау қажет"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі» деп бірқатар тапсырма берген еді. Осы орайда Теректі ауданында комиссия шешімімен апатты деп танылған үйлер құлатылып, орнына жаңа үй салу жұмыстары бастау алған болатын.

IMG-20240713-WA0008

Енді, міне, Аңқатыда — 23, Теректіде — 2, Подстепныйда — 106, барлығы 131 үй салынып жатыр. Қатаң бақылаудың нәтижесінде құрылыс жұмыстары да тәмамдала келді. Бір ай уақыт ішінде аяқталады деп күтілуде.

Құрылыстың жәй-жапсарын бақылауды ту еткен Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Аңқаты ауылына атбасын тіреді.

IMG-20240713-WA0011

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова тұрғындардың тұрмысын баяндап, құрылыс жұмыстарын көрсетті.

IMG-20240713-WA0022

Сапалы жұмысты талап еткен министр шаруаға салғырт қарамауды талап етіп, жұмысшылар санын тағы да көбейту керек екенін тілге тиек етті.

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале