15.07.2024, 10:00
Оқылды: 230

Қазақстанның креативті индустриясын дамытуда Яндекс тәжірибесі қолданылады

Алматыда ҚР МАМ креативті индустриялар департаментінің директоры Гүлісхан Нахбаева Яндекс Плюс және Яндекстің Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі ойын-сауық сервистерінің бас директоры Владимир Горбуновпен кездесті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

1E3D8820-D8A8-4E9B-A3A4-CFC62DB8D1CC

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Тараптар креативті индустрия саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Ынтымақтастық бірнеше бағыттар бойынша жүзеге аспақ. Атап айтқанда, оқыту семинарлары, білім беру бағдарламалары, креативті индустрияға IT-технологиялар мен бизнес шешімдерді енгізу, сондай-ақ басқа да бірқатар бірлескен жобалар бар.

Сарапшылардың пікірінше, жұмысты жалғастыру үшін өңірлердегі креативті тауарлар мен қызметтер нарығына талдау жүргізу қажет.

Алматыға жұмыс сапары барысында Гүлісхан Нахбаева Almaty Creative креативті индустрияны дамыту орталығына барып, орталықтың қазіргі жобаларымен танысты.

5FCAD474-2058-4A3F-9242-DAE7BD68D298

Almaty Сreative креативті хабы мегаполистегі қараусыз қалған ғимараттарды жаңартып, шығармашылық жұмыс үшін заманауи кеңістікке айналдырған алғашқы бастамалардың бірі саналады.

Сондай-ақ, кретивті индустриялар департаментінің директоры Salem Social Media және IT-hub The Foundry медиа компаниясының басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале