15.07.2024, 13:00
Оқылды: 81

Бірнеше өңірде суға кете жаздаған адамдар құтқарылды

Бүгін құтқарушылар еліміздің бірнеше өңірінде су айдынында шомылып жүріп, күтпеген жағдайға тап болған адамдарды құтқарды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

42419711-52E9-45B3-9BB7-45C143AC7AB9

Фото: ТЖМ

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек кентінде 54 жастағы ер адам құтқарылды.

Жасанды су айдынында су таситын көлікке су алу кезінде абайсызда суға құлап, 1970 жылы туған жүргізуші суға бата бастады.

Ер адамға жақын жерде рейд өткізіп жүрген № 21 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты А. С. Алимов дереу көмекке келді.   

Бүгін Ақмола облысының Зеренді ауылында ТЖМ жедел құтқару жасағының қызметкерлері Зеренді көлінің жағалауынан 100 метр қашықта желдің салдарынан өз бетінше жағаға қайтып жете алмаған ер адам мен үш баланы құтқарып, жағаға жеткізді.

Оларға медициналық көмек қажет болмады. 

Осы күні Көкшетау қаласында Қопа көлін күзету кезінде жедел құтқару жасағының күшімен 4 адам табылып, құтқарылды.

Жағадан 2,5 км қашықтықта олардың гидроскутеры тоқтап қалып, өз бетінше жағаға жете алмаған.  

Сондай-ақ Алакөл ауданында Алакөл көлінің жағалауын патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары 2000 жылы туған ер адамды құтқарып, жағаға жеткізді.

Белгілі болғандай, ол шамасына қарамай қалтқыға дейін жүзіп барып, тұншыға бастаған.

Медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале