15.07.2024, 14:47
Оқылды: 199

Қастеев музейінде «Дәстүр – халық рухы. Дала қазынасы» атты көрме ашылды

Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Дәстүр -халық рухы. Дала қазынасы» атты көрмесі ашылды. Экспозицияда музей қорындағы Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманның сәндік-қолданбалы өнерінің 60-тан астам туындысы ұсынылған. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

72A337DD-734D-455B-9E53-7D9AD641DCC0

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Көрмеге келушілер қазақтың халық қолөнершілері мен әр ұрпаққа жататын сәндік-қолданбалы өнердегі кәсіби суретшілердің жұмыстарымен таныса алады. Олардың ішінде киіз, тоқылған және кестеленген кілемдер, гобелендер, ат-әбзелдері, ағаш, тері, металл шеберлерінің туындылары бар.

Көрменің тағы бір тұтас бөлімі қабырғаға кестеленген түскиіздерге арналған. Киіз үйдің сәндік безендірілуінде төрден құрметті орын алып, отбасылық бақыт пен амандықты бейнелейді.

C628A18F-ABE3-48FF-AC29-A377F38EB801

Қазіргі сәндік-қолданбалы өнердің ең кең таралған түрі гобелендерге де арналған жеке экспозиция бар.

Аталмыш көрме қазіргі заманғы мәдениет тұрғысынан халық өнерін сақтау мен зерделеудің маңызын көрсетеді. Іс-шара 2024 жылдың 30 тамызына дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале