15.07.2024, 17:00
Оқылды: 363

Қазақстандық Ерназар Жұбан Беларусьтегі «Славян базары» байқауында бірінші орын алды

Ерназар Жұбан «Подберу музыку» композициясын орындап, көрермендер мен қазылар алқасын тәнті еткен. Оған 70 ұпайдың 69-ы берілді. Халықаралық қазылар алқасын әнші, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаева басқарды. Бұл жөнінде Ұлттық арна хабарлады.

AB62768F-9500-4A08-A3A5-908A83823628

Сурет әншінің жеке парақшасынан алынды

27 жастағы атыраулық әнші бұған дейін біздің арнадағы «Qazaqstan дауысы» мега жобасында, сондай-ақ Украина, Румынияда өткен халықаралық байқауларға қатысып, үздік өнер көрсеткен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале