16.07.2024, 9:45
Оқылды: 144

Жыл басынан бері полицейлер 17 тоннадан астам есірткі тәркіледі

Соңғы алты айда елімізде есірткімен байланысты 4 мың құқықбұзушылық анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев айтып берді, деп жазды ҚазАқпарат.

Полиция ЖП

«Ішкі істер министрлігі жұмысының негізгі бағыттарының бірі – есірткі қылмысына қарсы күрес. Жыл басынан бері осы бағытта полицейлер 9 мыңнан астам алдын алу шарасын жүргізді. Алты айда 4 мың есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 1600-ден астамы – қылмыс деп танылды», - деді ресми өкіл министрлікте өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 17 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 355 кг синтетика тәркіленді.

Сонымен бірге, 31 жасырын есірткі зертханасы жойылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале