16.07.2024, 15:31
Оқылды: 15

Болашақ ауылындағы жолға қара жамылғы төселіп жатыр

Жыл сайын Казталов ауданының даму көрсеткіші жоғары көтеріліп, аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайы мен әл-ауқатын көтеруге бағытталған нәтижелі жобалар мен жұмыстар іске асуда. Соның бір айғағындай Болашақ ауылдық округінің орталығындағы 1 шақырым көше жолына жөндеу жұмысы жүргізіліп, қара жамылғы төселіп жатыр.

1F433AEA-E325-43E7-A461-9757A3100596

Ауыл халқы үшін өте маңызды ішкі жолдардың орташа жөндеу жұмыстарына 87 млн. 901,1 мың қаржы бөлінген. Құрылыс жұмысын жүргізуге конкурс бойынша «ЖайықЖолҚұрылыс» ЖШС танылып, мердігер мекеме өзіне тиесілі жұмыстарды аяқтап жатыр.

Осындай жұмыстардың ұйымдастырылып, дер кезінде аяқталуы ауыл халқы үшін көп көмек болмақ.

IMG-20240715-WA0041

Ендігі уақытта болашақтық ағайындар аяқтарын шалшыққа да, балшыққа да малмайтын болады.

Нұр Рахман

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале