16.07.2024, 17:30
Оқылды: 272

Әйгерім Телемгенова жағажай самбосынан ел чемпионатында алтын еншіледі

Қарағанды облысының Приозёрск қаласында алғаш рет жағажай самбосынан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

2483FE33-2E9B-478B-82B6-64BC75D6F95A

Додаға 13 облыстан 100-ден астам спортшы қатысып, командалық және жекелей есепте 8 түрлі салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты.

Балқаш көлінің жағалауында өткен құм үстіндегі күрестің бір ерекшелігі, қарсыласын құлатқан спортшыға бірден ұпай есептеледі.

Әдеттегі самбо күресіндегідей бірнеше мүмкіндік берілмейді. Сондай ерекшеліктерімен де жағажай күресі қызықты әрі тартысты өтеді.

Республикалық чемпионатта облыстың намысын қорғап, 59 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен шыңғырлаулық спортшы Әйгерім Телемгенова қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальды қанжығасына байлады.

Әйгерім – самбо және қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Талай жылғы еңбек пен төгілген терді өтеп, өзіне артылған сенім мен үмітті ақтаған жас спортшы – аудан мақтанышы.

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале