Синоптиктер алдағы күндер жауын-шашынды болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото: pixabay.com
Аз жылжымалы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер еліміздің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды, жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
– Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 19-20 шілдеде солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.