Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер сәрсенбі күні Байденнің сырқаты жеңіл түрде өтіп жатқанын хабарлаған болатын. Ол бұған дейін президентке негізгі әрі денсаулығын нығайтатын екпе егілді деп сендірген еді. Бұл туралы BBC жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Ақ үй
81 жастағы Байден сәрсенбі күні Лас-Вегасте өткен сайлау алды шараға қатысты. Жоспар бойынша ол кешкілік Лас-Вегасте мінберде сөз сөйлеуі тиіс еді, алайда енді сөз сөйлемейтін болды.
Жан-Пьердің сөзінше, президент Делавэр штатындағы өз үйінде карантинге жабылып, оқшауланғанды жөн көрген. Десе де өзінің лауазымдық міндеттерін атқара бермекші.
Байденнің дәрігері Кевин О’Коннор прессаға президентте мұрын бітелу мен жөтел бар екенін әрі ол Paxlovid препаратын қабылдап жатқанын хабарлады. Ол басында өзін жақсы сезінген, алайда кезекті сараптама нәтижесі оның қайтадан коронавирус жұқтырып алғанын көрсеткен.
Байденнің Лас-Вегасқа барған сапарын БАҚ беттерінде жазған тілшілердің сөзінше, ол ұшаққа өте баяу қарқынмен әрі сақтық сақтап көтерілген.
АҚШ-тағы Демократиялық партияның жетекші саясаткерлері мен аталған партияның жақстастары Джо Байденнен президенттік сайлаудан бас тартуға шақырды. Олардың пікірінше 81 жастағы саясат ардагерінің күші Дональд Трамппен теке-тіресуге жетпейтінін, тіпті жеткен жағдайда тағы да төрт жыл ел басқаруға әлі келмейтінін меңзеді.
Алайда, Байден қарашада болатын сайлауға қатысудан бас тартқысы жоқ.