19.07.2024, 14:30
Оқылды: 92

Жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша жүз маман оқытылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жастар» ғылыми орталығымен бірлесіп, Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында бірқатар семинар-тренингтер өткізді. Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметі жазды.

302680C5-2350-4C6E-BD7F-9992039B2BC2

Сурет: Министрліктің баспасөз қызметі

Астана, Тараз, Ақтөбе және Қарағанды қалаларындағы жастар ресурстық орталықтарының 100 маманы жаңа білім алды. Тренинг тақырыптары арасында ойынға тәуелділік пен репродуктивті денсаулық мәселелері, БАҚ-пен жұмыс істеу ерекшеліктері, ақпараттық технологиялар болды.

Қатысушылар сонымен қатар Қазақстан жастарының жалпы санының 7%-ын құрайтын NEET санатындағы жастармен қарым-қатынас пен кеңес берудің жаңа тәжірибелерін меңгерді.

Тақырыптар ЖРО мамандарының өздері арасында жүргізілген сауалнама негізінде және өткен жылдар тәжірибесін ескере отырып анықталды. Тренингтің өзектілігі 2023 жылдың наурыз айында күшіне енген жастар саясаты саласындағы заңнамалық өзгерістерге де байланысты болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале