Астанадағы көпқабатты тұрғын үй заңсыз өнімге толы қоймаға айналған. 11 адам сауданы Telegram арқылы сатып келген. Тексеріс кезінде 20 мың вейп табылды. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

Ал Алматыда қалалық полиция бір күннің ішінде 8 мың вейп тәркіледі. Қойманың көбі үйлердің жертөлесінде, компьютерлік клубтарда болған.
Заңсыздыққа барғандар 50 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Болмаса 740 мың теңгеге жуық айыппұл салынады немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады.