19.07.2024, 16:00
Оқылды: 196

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі казталовтық шаруалармен кездесті

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Казталов ауданына жұмыс сапарымен келді. Вице-министр Тереңкөл ауылдық округіне қарасты далалық аймақта жергілікті атқарушы орган өкілдері және шаруа қожалық жетекшілерімен кездесіп киік мәселесін кеңінен талқылады. Бұл туралы Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

FD338200-CE56-4387-B194-CB4E0DA0490D

Киіктің басым көпшілігі облысымыздың оңтүстік аудандарында,соның ішінде Казталов ауданы аумағында орналасқан. Ауданның шаруалары мен тұрғындар киіктің көптігінен мал азығын дайындауда қауқарсыздық танытып жатқандарын жергілікті атқарушы органдарға шағымданып, әлеуметтік желілерде де өз пікірлерін білдіруде.

Вице-министрге де наздарын жеткізген шаруалар мемлекеттен қолдау күтетіндіктерін жеткізді.

— Киік ресми деректерден де шамадан тыс көп деп есептейміз. Даланың еркесі деп тым еркінсіттік, енді зардабы өзімізге тиіп отыр.  Шөпті таптап, жүрген жерін тақыр қылуда.  Қазіргі уақытта өткен жылдан қалған азын-аулақ шөпті қанағат қылып,«шықпа жаным шықпаның» күйін кешіп отырмыз. Мемлекет тарапынан киіктің санын реттеу және одан зардап шеккен шаруаларға қажетті қолдау шаралары көрсетілсе екен дейміз, - деді шаруалар.

D553C680-5B1B-4D93-9F76-0A65250584D6

Келелі жиында киіктен келетін залалды жою мәселелері жан-жақты талқыланып, бірінші кезекте киіктің санын реттеу, шаруа қожалықтардың жерін қоршауға субсидия бөлу, «Бөкейорда» резерватын қоршау, су тоғандарына су айдау мәселесін қарастыру және қаржыландыру, киіктің өлекселеріне арналған мал молаларының қажеттілігі немесе киіктің өлекселерін өртеуге арналған орындар қарастыру сынды бірқатар ұсыныстар айтылды.

Жиында БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Рүстем Зұлқашев, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов, Казталов ауданы әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев ағымдағы ахуалдан хабардар етті.

D2523564-535E-4A87-A92B-59CF7EC3850F

Нұркен Қожамұратұлы мәселенің өзектілігін ескере отырып, салалық министрліктермен облыс жұртшылығы көтерген мәселелерді талқылайтындығын жеткізді.

– Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының тапсырмасымен киікті атуға тыйым салынды.  Біз киіктің санын реттеудің балама әдістерін зерттеп, тиісті шаралар қабылдау үшін халықтың да пікірін ескерудеміз. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарым кезінде көтерілген мәселелер мен ұсыныстарды министрге жеткізетін боламын. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, су шаруашылығына қатысты мәселелерді де салалық министрліктермен бірге талқылаймыз. Заң аясында және ғылыми негіздерге сүйене отырып тиісті шаралар қабылдаймыз, - деді вице-министр.

Облысымыздың оңтүстік аудандарының салалық министрлікке қатысты көтерген басты мәселе – осы.  Жергілікті атқарушы органдар да өз құзіреті шеңберінде салалық мекемелермен бірлесе отырып қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Шаруалар да мемлекетке сенім артып, қолдау күтуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале