19.07.2024, 17:15
Оқылды: 8

«Шыңғырлаукомтехсервис» мекемесі жаңа техникалармен толықты

«Шыңғырлаукомтехсервис» – мемлекеттік коммуналдық-шаруашылық құқындағы мекеме. Аудан және ауылдарды таза ауыз сумен, жазғы техникалық сумен қамту, қысқы-жазғы жол жарақтылығы, көлік қатынасы сынды негізгі шаруашылықтың барлық жүгі осы мекеменің мойнында.

7A96D76E-8BB9-4B48-8858-711C51F6D6C0

Соңғы уақытта техникалық базасы ескірген мекеменің барлық бағыттағы жұмысты игеруде әлеуеті төмендеп жүрген болатын. Алайда, ескіні жөндеп, біраз техниканы қатардан шығармай ұстап келеді.

– Мекемеде екі МТЗ трактор, бір Т-150 тракторы, 1- «КАМАЗ», бір автогрейдер, бір су тасушы «ГАЗ-53» машинасы, бір «Урал» автокөлігі бар. Бәрі де қолданыста, жөнделген. Ал автогрейдер былтыр сатып алынған жаңа күйінде, қазір жолдарды қыру-тегістеу жұмыстарында жүр. Қазір жалпы көлікке жөндеу жүргізуде қаржымен шешілетін маңызды мәселе, әлі жүккөтергіш үлкен тракторды жөндетуіміз керек, - дейді осы мәселеге қатысты түсінік берген Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары М.Нұртазиев.

C6FDD28E-797D-4BD3-A052-334080EE18F9

Жақсы жаңалық – аталмыш мекемеге су жаңа екі техника берілді. Бұл облыс бюджетінен барлық аудандардағы коммуналдық кәсіпорындарға беріліп жатқан облыс басшысының қолдауы десек те болады.

Біздің ауданға да осы тұста 1 «Caterpillar» эксковаторы мен тіркемелі су жаңа «КАМАЗ» жүк көлігі берілген.

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев жаңа көліктердің жағдайымен танысып, мекеме ұжымын жаңалықпен құттықтады. Мекеменің аудан өмірінде аса маңызды рөл атқаратынын, сондықтан әрдайым әр жағдайға дайын, «бес қаруы» сай болуы қажеттігін еске салып, жаңа техниканы көздің қарашығындай сақтап, күтіп ұстауды тапсырды.

1C3A30F1-412B-4F66-9DE9-8505B1C41408

Техника тапшылығы, әсіресе, қазіргі эксковатор секілді «бесапап» техникаға зәрулік көптен бар болатын. Бүгінге дейін жеке шаруашылықтағы осындай техникалар көп жәрдемін тигізіп келгені де жасырын емес.

Енді мекеменің өзінің су жаңа осындай көлігі бар, яғни, қоғамға, халыққа қажетті қызметтер көрсету одан әрі жақсара бермек.

Қаршыға Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале