19.07.2024, 17:30
Оқылды: 7

Жаңақала аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы тағайындалды

Жаңақала ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы болып Бақтыгереев Мейірім Аманжолұлы тағайындалды.

44D50DDB-CDC6-4E39-9DBE-06AF6E6CABA5

Мейірім Аманжолұлы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында 1991 жылы 26 қыркүйекте дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2013 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында «Әскери іс және өрт қауіпсіздігі» мамандығын тәмамдаған.

Әр жылдары:

2009 – 2013 жылдары ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының курсанты;

2013 – 2014 жылдары БҚО ТЖД Бөкейорда аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері;

2014 – 2016 жылдары ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Жаңақала аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері;

2016 – 2020 жылдары ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Жаңақала аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы;

2020 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚР ТЖМ БҚО ТЖД Жаңақала аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған.

Отбасылы. 1 ұлы, 1 қызы бар.

Айзада Ақбасова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале