22.07.2024, 11:30
Оқылды: 69

Жаңақалалық әжелер халықаралық фестивальде жүлдегер атанды

Жуырда Грузия елінде өткен халықаралық «Golden Fleece» атты фестивальде жаңақалалық «Асыл мұра» әжелер ансамблінің құрамындағы ардагер ұстаздар мен мәдениет саласының ардагерлері бой көрсетіп, екі бағытта бақ сынады.

E747ADD5-4D24-4939-8D7C-B96935A101A7

60-66 жас аралығында ұйымдастырылған байқауда жаңақалалықтар гала-концертке жолдама алып, «Қазақ» биі мен халық әні «Сәулем-айды» орындап ІІІ орынның биігінен көрінді.

Сонымен қатар, Үлгілі «Хадиша» би ансамблі де «Сәукеле» биімен (жетекшісі Э.Валиева) топ арасынан үздік деп танылып, үшінші орынды қанжығасына байлады.

Иә, қазақ жұртшылығының абыройын арқалап, әрі шетелде өнер көрсетіп, әлем халықтары алдында жеңіспен оралу аудан үшін ғана емес, өңіріміз үшін де үлкен жетістік. Қанжығасы майланып, елге оралған бір топ жеңіс иелерін құттай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале