22.07.2024, 15:45
Оқылды: 105

Еуропалық физика олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы төрт медальмен толықты

Грузияда EuPhO Еуропалық физика олимпиадасы аяқталды. Нәтижесінде қазақстандық оқушылар тағы төрт медаль иеленіп, жеңіс қоржынын толықтырды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

D869ECFE-4634-444B-9F8A-D48B1C0875DE

Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан командасының құрамында:

ІІ – Бекасыл Елубай – Алматы қаласы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;

ІІ –Альтаир Ақанов – Астана қаласы РФММ 10-сынып оқушысы;

ІІІ – Нұргүл Егенбергенова – Н.Нұрмақов атындағы Қарағанды облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

ІІІ – Нұрасыл Барлыбаев – Атырау қаласының № 1 «Білім-Инновация»  мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.

Анықтама үшін: Еуропалық физика олимпиадасы жоғары сынып оқушылары арасында өткізіледі. 2023 жылы еліміздің командасы 1 күміс, 2 қола және 1 Құрмет грамотасын жеңіп алған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале