23.07.2024, 13:01
Оқылды: 64

Пантелей Кесоглу: «Президент марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға»

Алматыдағы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі Пантелей Кесоглудың 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

A9E131F6-5268-4723-B5CE-272B4E9B6B29

Суреттер: министрліктен

Президент мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін әртісті І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Салтанатты жиында Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаеваның, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М. Әзілхановтың құттықтау хаттары оқылды.

B3166A17-2E4A-4D17-B7F9-7F519FCC67B2

«Бүгін таңертең Президенттің жарлығын оқып, қатты қуандым. Біздің Президенттің марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға. Өнер адамы үшін ең үлкен жетістік – оны танып, ықыласқа бөленуі. Мен өзімді бақытты адаммын деп сенімді түрде айта аламын», - дейді Пантелей Кесоглу.

Салтанатты іс-шараға Қазақстанның халық әртiстері Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, шығармашылық жоғары оқу орындарының ректорлары, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен әртістің шәкірттері жиналды.

4EF3DEFF-0249-4B7E-AF04-FA9633C68057

Пантелей Кесоглу – қазақстандық эстрада әншісі, музыкалық педагог және профессор. Жұмыс істеген жылдары ол Қазақстандағы барлық фестивальдерге қатысып, қазақ гостелерадио оркестрімен 400-ден астам жазба жасап, екі миллионға жуық күйтабақ шығарды. 2000 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында сабақ береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале