Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын сапалы іске асыру – алда тұрған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауылдық жерлерде жаңа медициналық ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрған облыстық ауруханаларды жөндеу және кадр мәселесі – шешуді қажет ететін негізгі мәселелер.
Үкімет басшысы құрылысы биылға жоспарланған нысанның жобалау-сметалық құжаттарының барлығына мемлекеттік сараптама қорытындысын беру толығымен аяқталғанын атап өтті. Мердігерлер анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
«Үкімет Ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлді. Оның 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді. Қазір қалған нысандарды қаржыландыру мәселесі пысықталуда», - деді Олжас Бектенов.